01.09.2021, 04:55

Бүгін Президент Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялайды

Фото: ашық дереккөзі
Іс-шара барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Бүгін сағат 11:00-де ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жолдау еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындайды.

Іс-шара барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Тегтер: Тоқаев жолдау