$ 494.87  520.65  4.91

4 адам жансақтау бөлімінде: БҚО-да қыз алып қашқандар жол апатына түсті

Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті.
Фото: kznews
Фото: kznews

Батыс Қазақстан облысында қыз алып қашқандар көлікпен жылқыға соғылып, 4 адам жансақтау бөліміне түсті.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 тамыз күні Бөрлі ауданында болды. Шамамен сағат 22.30-да Пугачев ауылы маңында Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының 27-шақырымында 1999 жылғы жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен 3 жылқыға соқтығысқан.

Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, олар қыз алып қашып, Оралдан Ақсай қаласына бара жатқан. Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті. Соның ішінде төртеуі жансақтау бөліміне, біреуі хирургиялық бөлімшеге жатқызылды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жол апатынан зардап шеккен екі автокөлікте 11 адам болған. 2001, 2002 және 2003 жылғы қыздар, сондай-ақ 2003 жылғы жігіт жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, денелері көгерген. Төртеуі де жансақтау бөлімінде. Жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, оған қоса мойын бөлігі сынған 1999 жылғы жігіт хирургиялық бөлімде. Денелері көгерген 1999, 2000, 2002 және 2003 жылғы екі жігіт амбулаторлық ем алуға жіберілді. 2000 жылғы жігіт дәрігерге қаралудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары