$ 494.87  520.65  4.91

Ордабасылық боқтампаз «завуч» мектепке қайта жұмысқа тұрған

Бір басшы бұйрық шығарып, екіншісі оны бұзған. Айтуынша, арнайы жарғы бойынша мектеп директоры орынбасарын тағайындарда тікелей бағынысты мекеменің (білім бөлімі) келісімін алуы керек екен.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып тұрған тұста шулы оқиғадан соң лауазымынан босатылған Ұлжан Елмұратова директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған, деп хабарлайды ЭК.

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөліміндегілер педагогтың жаңа қызметке тағайындалуын заңға қайшы деп отыр. Бөлім заңгері Маратжан Молдабеков Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов мектебінде қазіргі таңда директор жоқтығын айтты. Ал күні бүгінге дейін білім ордасы басшысының міндетін атқарып келген «боқтампаз» ұстазды жұмыстан шығарған экс-директор бұйрығының күшін жоя отырып жаңа қызметке тағайындағанын алға тартты.

«Ұлжан Елмұратова орын алған шулы оқиғадан соң моральға қайшы іс-әрекеттер жасағаны үшін қызметтен босатылған. Оны жұмыстан босату туралы бұйрыққа бұрыңғы директор (Өмірзақ Ақбөпе) қол қойған. Ал оның орнына келген басшы міндетін уақытша атқарушы ол бұйрықтың күшін жойып, Елмұратованың директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлығынан шаруашылық жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындау туралы өтінішіне бұйрық шығарған. Ол — заңға қайшы. Біздің бөлімде әдіскер болып жұмыс істеп келген Ержан Мырзабеков бүгін А.Шерімқұлов атындағы мектеп директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Біз енді оған сол құжаттың күшін жою туралы ұсыныс дайындап жатырмыз. Яғни, Елмұратованың жаңа қызметке заңсыз тағайындалғаны туралы», — деді аудандық білім бөлімінің заңгері Маратжан Молдабаев.

Заңгердің сөзіне сенсек, бір басшы бұйрық шығарып, екіншісі оны бұзған. Айтуынша, арнайы жарғы бойынша мектеп директоры орынбасарын тағайындарда тікелей бағынысты мекеменің (білім бөлімі) келісімін алуы керек екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары