01.09.2021, 15:40

«Мектептерде орын тапшылығы 1 миллионға жетуі мүмкін» – Тоқаев

Фото: ашық дереккөзі
Тоқаев мектеп құрылысына жекеменшік секторды да тарту қажет екенін айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін мың мектеп салуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президент орта білім жүйесіндегі өткір мәселелердің бірі мектептердегі орын тапшылығы екенін атап өтті.

"Қазір тапшылық 225 мың орынды құрайды. Егер шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай тапшылық 1 миллион орынға жетуі мүмкін", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауында.

Мемлекет басшысы бұған дейін 2025 жылдың соңына дейін ең кемі 800 мектеп салуды тапсырғанын еске салды.

"Ал бүгін мен бұл санды 1 000 мектепке жеткізуді тапсырамын", - деді ол.

Тоқаев мектеп құрылысына жекеменшік секторды да тарту қажет екенін айтты.