$ 449.58  486.94  4.86

Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды

Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды.

Айта кетсек, 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты сынға алып, оның бұл ведомствоны басқара алмағанын айтқан болатын. Осылайша, Сапархан Омаров отставкаға кетіп, Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқару Ербол Қарашөкеевке тапсырылды.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры.

Е. Қарашөкеев «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары