Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен тең ойнады.
Матч Нұр-Сұлтандағы «Астана Аренада» стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.
Кездесудің 2 минутында «Бенфиканың» шабуылшысы Роман Яромчук алыстан соққы жасап, есепті ашты. Үзіліске дейін украиналықтар есепті ұлғайтатын мүмкіндігі болған, бірақ есеп өзгермеді.
Ойынға тыңнан қосылған Абат Айымбетов 68-минутта гол соққан еді. Литвадан келген төреші Донатас Румшас бейнеқайталауға жүгініп, оффсайд болғанын тіркеді.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушы 74-минутта Руслан Валиуллин гол соғып, есепті теңестірді.
Ойынның 90+3 минутында Данила Сикан украиналықтарды алға шығарса. Қазақстандықтар соңғы 90+6 минутта тағы бір гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.
Айта кетейік, ӘЧ-2022 іріктеу кезеңінде Қазақстанда үш ойыннан кейін екі ұпай бар. Ал Украина құрамасы төрт матчтен кейін төрт ұпай еншіледі.
aikyn.kz