Жаңалықтар 02.09.2021 сағат 17:00

Мемқызметшілер қазақ тілін білуге міндеттелуі мүмкін

Ведомство өкілдері мемлекеттік қызметтің жұмыс жүйесі қоғамдық қатынастар процестерімен байланысты екенін атап өтті.
Мемқызметшілер қазақ тілін білуге міндеттелуі мүмкін
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу үшін қазақ тілін білу міндетті болуы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осындай бастама көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының жобасы бойынша Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында жарияланған.

"Мемлекеттік органдарда қазақ тілінің қолданысын кеңейту мақсатында мемлекеттік қызметке кіру үшін мемлекеттік тіл біліміне шек қоюға болады деп ойлаймыз", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері мемлекеттік қызметтің жұмыс жүйесі қоғамдық қатынастар процестерімен байланысты екенін атап өтті.

"Қоғамдағы қазақ-орыс билингвизмінің даму серпіні де мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға әсер ететіні сөзсіз", - делінген агенттік құжатында.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар