02.09.2021, 17:20

Алматы бірінші сыныпқа баратын оқушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Биыл мектепте бірінші сыныпқа 714 оқушы қабылданды.

Алматы бірінші сыныпқа баратын оқушылар саны бойынша рекорд жаңартты. Мәселен Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы дағы №157 жалпы білім беретін мектепте 1 "Ю" сыныбы ашылып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

"Alma City, BI Group және "Шұғыла" жаңа ықшам аудандарының салынуына байланысты мектепте сынып саны артты. Биыл мектепте бірінші сыныпқа 714 оқушы қабылданды. Дәстүрлі форматта оқу кезінде сыныптағы бала саны 25 оқушыдан аспауы қажет екені ескеріліп, мұнда 28 сынып ашылған", – деп хабарлады білім басқармасы.

"Мектеп бойынша 1-ден 11-ге дейін 185 сынып бар. Ата-аналардың өтініші бойынша 1 118 оқушы онлайн оқытуға көшті. Дәстүрлі форматта 177 сынып екі ауысымда білім алады. Бірінші ауысымда 88 сынып, екінші ауысымда 89 сынып бар. Мектепте 95 кабинет бар. Бұл Қазақстанның бас санитар дәрігері белгілеген барлық санитарлық норманы сақтауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Тегтер: мектеп