Алматыда карантин шараларын жеңілдету туралы бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қаулыға сәйкес, 6 қыркүйектен бастап қаладағы нысандардың жұмысы былай өзгереді:
Жұмыс күндері Ashyq жүйесінің қатысушыларына түнгі 12:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат. Ал жүйе көшбасшыларына түнгі 2-ге дейін жұмыс істеуге болады. Демалыс күнгі шектеулер алынады. 4 қыркүйектен бастап Ashyq жүйесінің қатысушыларына түнгі 12:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілсе, жүйе көшбасшыларына түнгі 2-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл жағдайда мекеме қызметкерлері мен қонақтардың Ashyq-тағы статусы “жасыл” болуы тиіс. Бұл шектеу қонақүйлерге, әуежайларға, теміржол бекеттері мен білім беру ұйымдарына қатысты емес. Талаптарға бағынбаған нысандар Ashyq-тан шығарылады. Құжаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.
Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде шектеу шаралары жеңілдетілетінін мәлімдеген болатын.