03.09.2021, 07:31

Елордада ауа сапасы нашарлайды

Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.

ҚазАқпарат -3 қыркүйекте Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 3 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қалаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Тегтер: Елорда