03.09.2021, 12:20

«Бомба түскендей». Шығыста ауыл тұрғындары мектебінің жайын айтып, министрден көмек сұрады

Фото: ашық дерекөз
Ауыл тұрғындары Білім және ғылым министріне жүгінді.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында жалғыз мектеп бар. Тұрғындардың айтуынша, мектеп-лицейдің қазіргі күйі «бомба түскендей». «Бұл мектептің төбесінен бір шелек суды төге салсаң, астынан бір шелек су ала аласыз» дейді ашынған жұрт.

«Лицей мектептің сыйқы міне! Жаңа оқу жылының бірінші күні! ШҚО, Тарбағатай ауданы әкімдігі, аудандағы жалғыз мектепті жөндеуге не кедергі? Ақсуатқа жаңа лицей салмас бұрын қолда бар мектепті неге жөндемеске?

Шекаралық аймақтарды дамытуға деп бөлініп жатқан қаржы қайда? 40 жыл жөндеу көрмеген, апаттық жағдайда деп танылып, кейіннен «апаттық емес» деп қайта танылған бұл мектеп ғимаратына лицей ұжымын көшіргенде неге сендіңіздер?

Мынау сұмдық қой? Мектепті күрделі жөндеуден өткіземіз деген уәде қайда? Балалар қалай сабақ оқиды? Аңғал-саңғал бұл мектепте кезінде өзім де 10 жыл қызмет атқарған едім. Содан бері мінеки, әлі таз қалпында», - дейді тұрғын, қоғам белсендісі Ермек Құрманғалитегі.

Видеода жаңбырдан кейінгі мектептің жай-күйі анық көрсетілген. Білім ошағының кабинеттері, балалар киініп-шешінетін бөлме, дәліз – бәрі сорғалаған судың астында қалған.

«Аудандағы ең іргелі білім ордасы - 310 оқушы оқиды, 80 адам қызмет етеді. Бір күні тоққа түсіп өлеміз. Лампочка, розеткалар көктемнен бері замыкание беріп келеді. Материалдық базасы ең төмен жағдайда, Асхат Аймағамбетов мырза!», - деп жазады Өмірхан Қанағатов министрге жүгініп.

Әсел Мержақып есімді тұрғын Білім министрі Асхат Аймағамбетовке жүгініп, осы мәселеге назар аударуын сұрайды.

«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» деген. Жауын жауған сайын бұл жағдай техникалық қызметкерлерге қиын. Төбеден сорғалаған сумен балшық араласып ағады. Міне, күз де келді. Күнделікті көрініс басталды. Терезесі анау, азынаған жел соғып тұр, қаусаған есік. Шіріген паровой, әйтеуір, адамдардың қарауымен ілініп-салынып тұр. Гимназияға берілген Әуезов атындағы ескі мектептің сыйқы осындай. Аудандық, облыстық Білім басқармасының басшылары, осындай мектепке балаларды қалай оқытпақсыздар? Қылышын сүйреп қыс та келеді. Биыл қыс қалай болатыны бір құдайға аян. 30-40 градусты былай қойғанда, 20 градустың өзінде қиын болады. Осыны жөндеуге не кедергі болып тұр? Апатты деп танылып, одан кейін тұруға жарамды делінген мектеп құлап қалып жүрмесін. Осы мектепте қарапайым жұмысшы болып өзім де істегенмін. Ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес, іші қаусап тұр», - дейді Дәулет Чакеров есімді тұрғын.

Мектеп туралы жазда әлеуметтік желіде көпшіліктің ашуын туғызды.

«Сонда аудандық, облыстық білім бөлімі басшылары, Мәслихат хатшысы, аудан, облыс әкімдері не ойлап отыр екен? Мақсат не? Статусты жойып, жаңа ғимаратты Ақсуаттан салып, сонда көшіру ме? Неге мектеп-лицей сонша жетімнің күйін кешуде?! Мен сол мекеменің қызметкерімін. Аудандық білім бөлімінің жанындағы кәсіподақ ұйымы төрағасы Серікхан мырзадан көмек күтеміз», - дейді Бейбітгүл Ильяшева.