03.09.2021, 16:00

«Шөл ортасында салынған»: АҚШ-та 5 млн адамға арналған қала пайда болады

Алайда ұйымдастырушылар 2030 жылға қарай 50 мың адамға арналған қала құруды мақсат етіп отыр.

Даниялық Bjarke Ingels Group (BIG) компаниясы АҚШ-тағы шөлдің ортасында салынатын Телос деп аталатын бес миллион адамға арналған қала құрылысын жүзеге асыру жобасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат World Architecture Community-ге сілтеме жасап. 

Қала жоспары 12 мың гектардан басталады, 10-20 жыл ішінде салынады. Алдағы 40 жыл ішінде қала халқы 5 миллион адамға дейін өседі деп болжануда.

Алайда ұйымдастырушылар 2030 жылға қарай 50 мың адамға арналған қала құруды мақсат етіп отыр. Телос қаласын салу тығыздығы әр гектарға шамамен 33 адамды құрайды. Бұл Сан-Францискодағы құрылыс тығыздығына тең. Телостың алғашқы тұрғындары 2030 жылы қоныс аударады деп күтілуде.

 

Тегтер: АҚШ