$ 446.49  475.38  4.79

Көкшетау университетінде қоңыраудың орнына Иманбектің ремиксі қойылуда

Көкшетаудағы Уәлиханов университетінде (Ualikhanov University) қоңыраудың орнына Иманбек Зейкеновтің Rose’s туындысына жасаған ремиксі ойнатылуда. Бұл туралы университет проректоры Ғалым Байтүк Facebook-те жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: ашық дереккөз

"Біздің креатив. Ualikhanov University-де жаңа қоңырау. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттік парламенті Грэмми сыйлығының лауреаты (соңғысы емес деп сенеміз) – Иманбекті қолдау туралы шешім шығарды. 

Rose's туындысы студенттерді сабаққа және үзіліске шақырады. Иманбек талантының танылуына қарсы болмайды деп үміттенемін", – деп жазды проректор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары