$ 447.4  477.55  4.76

Журналист пен күзетші дауы: 60 мың жалақымен 3 баласын асырап отырған күзетші жұмыссыз қалып, күйзеліске түскен

"Егер сотқа кетсе, не болар екен деп уайымдап жүрмін. Бәрінен де, ел-жұртқа масқара болдым", - дейді ол.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Көңіл-күй жоқ.

Қазір ғана күзетші Қуаныш ағамен телефон арқылы сөйлестім. 

Журналист Ақбөпе Тәңірбергеннің жазған арызы бойынша, Қуаныш аға жұмыстан уақытша шеттетіліпті. Қуаныш аға - 3 баланың әкесі. Үлкен қызы тұрмыста. Кезінде құрылыс саласында, мектепте күзетші болған. Жұрт айтқандай "отставкаға кеткен бывший мент" емес. Қарапайым күзетші. Алатау қаласы әкімдігінде күзетші (старший) болып жұмыс жасағанына 6 жыл болған. Жалақысы айына бар болғаны - 60 000 теңге. 

"Үйім акиматтың жанында. Таңертеңнен кешке дейін жұмыста боламын. 6 жылдан бері небір нәрселер болады ғой акиматта. Айқайлап келгендермен жаймен сөйлесетін әдетім бар. Дәл осы ситуацияда не істерімді білмедім. Себебі журналист қарындасым айтқанға көнбеді. Лифтінің алдында аяғын тіреп тұрып алды (ол видеоны кейін саламын). Болмағаннан соң мен оны көтеріп алдым. Қолынан тартқыласам қыз бала ғой, көгеріп кетер дедім де, көтеріп далаға шығардым. Лақтырмадым. Видео -дәлел. Менің міндетім - қызды рұқсатсыз кіргізбеу. Бұйрықты орындауым керек. Сол күні журналист үстімнен арызданған. Ол қыз "күш қолданып мені далаға лақтырып жіберді" деп жазды. Мен де лақтырмағанымды жаздым. Участковый арызды тіркеді. РОВД ешқандай өрескел нәрсе жоқ деп арызды қайтарып тастаған болатын. Айқай-шудан соң, істі қайтадан қарауда. Егер сотқа кетсе, не болар екен деп уайымдап жүрмін. Бәрінен де, ел-жұртқа масқара болдым. Стресс алдым. Содан бері мазам кетті" дегенде, жүрегім қарс айрылды.

Ендігі журналист Ақбөпеге айтарым:

Арызыңды қайтарып ал! Әкеңмен жасты кісінің наласына қалма. Бас жарылып, көзің шыққан жоқ, амансың. Өзің мақтанып жүргендей "хит журналист" болдың. Мақсатың сол еді ғой. Жеттің. Арызқой деген жақсы атақ емес. Мен де сен секілді қолыма микрофонымды құшақтап, оқиғалардың ішінде жүгіріп жүрдім. Небір ситуациялар болды. Мас еркек жетім баланы жасырып, біздерді үйіне кіргізбегенінде, қардың үстіне лақтырып жіберген еді. Арызданбадым. Ішіп алған адам не істемейді деп қарадым. Менің басты міндетім - жетім баланы алып шығу болды. Дәл сенің мына ісің дұрыс емес. Ер кісінің обалына қалмайын десең, арызыңды алып, істі тоқтат та, Қуаныш ағадан кешірім сұра!  Бұл кісі 60 мың теңгесімен бір отбасын асырап отыр. 10 күннен бері жұмыс та жоқ, дүйім жұртқа масқара болып қарабет атанып отыр. Осы нәрсе де аз емес.  Турникеттің астынан өтіп және бір жақты етіп елдің алдына видеоны көрсеткен де, сен! Енді арызданғаныңа жол болсын! Арызқой журналисті халық та жақсы көрмейді. Көз жасқа төгілген жазаның арты жақсы болғанын да көрмедім. Қазақстанның Журналистерінің атына кір келтірме! 

Ал, Азамат Калдыбеков, Сізге айтарым:

Күзетші Қуаныш ағаға болысыңыз да, жұмысына қайтадан алыңыз!

Сіз үшін болып отыр мына жанжалдың бәрі. Офицері үшін  кеудесін оққа  төсеген солдатын Генералдар да бағалаған. Тыныштығыңызды ойламай, күзетшінің де тағдырын ойлаңыз!!!

Бибігүл Дәулетбекқызының Facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#күзетші