$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте бір қора қой өртеніп кетті

Өрттің шығу себебі және келтірілген матреиалдық шығынның көлемі анықталуда.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің "101" басқару пультіне 2021 жылдың 4 қыркүйегінде сағат 12:31-де Еңбекші ауданы Желтоқсан көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлады Otyrar.kz.

Оқиға орнына алғашқы келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері аталған мекенжайдағы тұрғын үйге жапсыра салынған жалпы көлемі 100 шаршы метр қора толық жанып жатқандығын анықтады. Сонымен бірге қораның ішінде 400 дана сығымдалған шөп, 16 бас қой өртенген.

Өрт әрі қарай Орынбай ақын көшесіндегі жалпы аумағы 300 шаршы метрлік үйдің шатырына өтіп, көлемі 100 шаршы метр шатыры жанды.

Өрт сағат 13:15-те оқшауланып, 14.26-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген матреиалдық шығынның көлемі анықталып жатыр.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 30 қызметкері, 6 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #қой