$ 449.58  486.94  4.86

Қорғаныс министрлігі жарылыс кезінде тағы 3 әскери зардап шекті деген ақпаратты жоққа шығарды

29 тамызда сағат 12.20 шамасында жарылыс болған қойма аумағында үш адам болған.

29 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында тағы үш әскери қызметші зардап шекті деген ақпаратты Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды ЭК.

Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы подполковник Дина Мухаринованың айтуынша, 29 тамызда сағат 12.20 шамасында жарылыс болған қойма аумағында үш адам болған.

Үш қызметкер Тараз әскери госпиталіне жіберілді. Оларды қараған дәрігер жарақаттары жоғын айтты. Медициналық тексеруден кейін әскери қызметшілер жұмыс орнына қайта оралды, - деді Мухаринова.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары