Жаңалықтар 07.09.2021 сағат 11:20

Қазақстанда тұрғын үй арзандай бастады

Бағаның төмендеуі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларында байқалған.
Қазақстанда тұрғын үй арзандай бастады
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин құрылыс компаниялары бастапқы және қайталама тұрғын үйлердің бағасын төмендететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта бастапқы тұрғын үй бағасының өсу қарқыны қаңтар, шілдеде үш пайыздан 0,4 пайызға дейін төмендегені байқалады. Ал, қайталама тұрғын үйлер бес пайыздан 1,1 пайызға дейін арзандады", - деді Жұманғарин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бағаның төмендеуі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларында байқалған.

"Хабарламаларды орындау аясында компаниялар тобы Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешендерінің бағасын 15 пайызға немесе шаршы метрі 90 мың теңгеге төмендетті. Тағы бір компания тұрғын үй кешендерінің бағасын бір шаршы метрге 20 мың теңгеге дейін төмендетті, Нұр-Сұлтан қаласының 51 тұрғын үй кешеніндегі бастапқы тұрғын үй бағасы орта есеппен сегіз пайызға төмендеді.

Алматыда - 11 пайыз, Шымкентте - үш пайыз, Атырауда - төрт пайыз. Басқа құрылыс салушылар да хабарландыруларды орындап, бағаны орта есеппен 15-20 пайызға төмендетті", - деді Жұманғарин.

Ол баға орташа есеппен 9 пайызға төмендегенін айтты. Төмендеу диапазоны - бір шаршы метрге 10 мыңнан 125 мың теңгеге дейін.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар