$ 494.87  520.65  4.91

Журналисті әкімдіктен күштеп шығарған: Алматыдағы күзет мекемесі лицензиясынан айырылды

Алматы полициясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алатау аудандық әкімдігінен күштеп шығарылған «Хабар 24» журналисінің оқиғасынан кейін Күзет агенттігі лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

«Мекеме басшысын полицияға шақырып, қызметті жалғастырмауы үшін лизенциясы алынды», - деп хабарлады ведомствадан.

Еске салайық, 24 тамыз күні Алматының Алатау ауданы әкімдігінің күзетшісі «Хабар 24» телеарнасының журналисін көтеріп, әкімдік ғимаратынан шығарып жіберді.

Бұл оқиғаға байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да өз ойын білдірді. Министрдің мәлімдеуінше, журналистердің құқығын бұзуға, олардың ресми жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсетуге ешқашан жол берілмеуі керек.

Кейін осы факті бойынша Алатау әкімдігінде комиссия құрылды, қызметтік тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары