Нұр-Сұлтандағы Нұржол бульварында тіркелмеген El Tiregi партиясының өкілдері жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Спутник Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Митингке келген адамдар міндетті вакцинацияға қарсы екендіктерін айтты.
"Біздің балалардан қолдарыңды тартыңдар!", "Үкімет отставкаға кетсін" - деп айқайлады жиналғандар.
Наразылық білдірушілерді полиция қызметкерлері қоршап алды, сондай-ақ қауіпсіздік күштерінің автобустары тұрды.
Митингке Нұржан Әлтаев бастап шықты. Ол тәртіп сақшысына әкімдікке митинг өткізу туралы хабарлама жіберілгенін, бірақ жауап келмегенін түсіндірді.
Жиналыс болған жерде Нұр-Сұлтан қаласының полиция өкілі әкімдікке хабарлама келмегендіктен партияның шеруін заңсыз деп мәлімдеді.
Шеруге шығушылар "Бәйтерек" бағытына қарай жүрді. Кейіннен Нұржан Әлтаевтан басқа митингке қатысушылардың барлығы дерлік ұсталды.