$ 446.49  475.38  4.79

Қостанай облысында аю шапқан бес жасар қыз комада жатыр

Бүгінде жануарды тасымалдау мәселесі шешіліп жатыр, ол үшін арнайы тор да жасалған. Аюды ветеринарлар тексеріп шығады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қостанай облысында туристік базада аю шапқан бес жасар қыз жасанды комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай шешім тамыр хирургтары мен денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы қатысқан кеңейтілген консилиумда қабылданды.

"Қыз жасанды комада жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр. Жағдайы ауыр", - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

6 қыркүйекте Қостанай облыстық аурухананың баспасөз қызметкері Ксения Жылқыбаева зардап шеккен қыздың аяғын аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрі жасалғанын айтты. Бұл туралы Ксения Жылқыбаева "Хабар 24" телеарнасына мәлімдеген болатын. 

Ал аю Солтүстік Қазақстан облысындағы зообаққа жіберіледі. Қостанай облысы Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, "Радуга" демалыс орталығының иесі жануарды басқа жерге апару туралы шешімді ұзақ қабылдаған, тіпті оны атып тастауды да ойлаған екен. 

Бүгінде жануарды тасымалдау мәселесі шешіліп жатыр, ол үшін арнайы тор да жасалған. Аюды ветеринарлар тексеріп шығады. 

Еске салайық, оқиға 6 қыркүйекте Қостанай облысындағы демалыс базасында болған еді. Оқиғаны куәгерлер мен қыздың туыстары әлеуметтік желілерде жариялаған. Олардың айтуынша, оқиға 5 қыркүйекте "Радуга" демалыс базасында болған. Бес жасар қызы бар әйел аюдың торына бірінші рет жақындап барғанда, ол тыныш жатқан. Алайда, кейін қыз торға жалғыз барған, сол сәтте жыртқыш баланы тістеп алған. Оны ата-анасы мен демалушылар құтқарып алған.

Қостанай облысының Полиция департаменті ақпаратты растады. Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 114-бабы "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша соталды тергеу басталған. Бап санкциясы 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту немесе 20 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырады. Бастапқы тергеу әрекеттері жүргізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары