$ 494.87  520.65  4.91

Абай ауылындағы оқиға: Қоқан-лоққы көрсеткен әйел жазаланатын болды

Сотталған баланың анасы өз тұрғылықты мекенжайынан басқа аймаққа қоныс аударған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Түркістан облысы Абай ауылындағы жағдайға қатысты зардап шеккен әжені сотталған баланың туыстары қорқытып жүргені туралы ақпарат тараған еді. Жағдайға қатысы бар видео да пайда болды. Осыған қатысты Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияның мәліметінше, видеодағы оқиға 2019 жылы болған.

"Құқықбұзушы әйелдің әрекетіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс-құжаттар жинақталып, әкімшілік сотқа жолданған. Нәтижесінде сот теріс қылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салған", – деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар баланың әжесі таяуда бұл жағдай бойынша тағы да арызданған. Бірақ ол кезде баланың әжесін сотталған баланың анасы мазалағаны расталмаған еді.   

"Жергілікті тұрғын Келес аудандық полиция бөліміне арызданып, сотталған баланың анасы мазалап, қорқытатынын айтқан. Полиция қызметкерлері арызды бірден тіркеп, тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде арызда көрсетілген жайттар расталмады. Учаскелік инспекторлар тұрғындар арасында сұрастыру жұмыстары жүргізген уақытта, көршілері әйелдердің арасында болған ешқандай дау-жанжал туралы білмейтінін және естімегенін айтып өткен. Сондай-ақ сотталған баланың анасы өз тұрғылықты мекенжайынан басқа аймаққа қоныс аударғаны белгілі болды", – деді полицияда.

Айта кетейік, Asar Ume қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Абай ауылындағы немересі зорланған әжеге баспана сыйланатынын осыған дейін хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары