Студия кеңсесінде Алматы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Екінші қабат түгелдей жабылған. Ол жаққа кіруге ешкімге рұқсат етілмеген. Қаржылық құжаттар мұқият тексерілу үстінде.
Дереккөзге сүйенсек, мекеме бюджетінен ақша ұрланып, салық төлеуден жалтарған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 190 миллион теңге.
Киностудия баспасөз қызметі тінтіу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде айтылған ақпаратты растамады.
Түсірілімге байланысты кеңсеге полиция қызметкерлері келді, - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
"Қазақфильм" АҚ ғимаратта тінту жұмыстары жүргізілді деген ақпаратты жоққа шығарды.
Жағдайдың анық-қанығы анықталып жатыр. Express Qazaqstan ақпаратпен бөлісетін болады.