$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында аудандық әкімдік қызметкері өзін-өзі атып өлтірді

Жамбыл облысы, Талас ауданы әкімдігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қыркүйекте болған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Талас ауданы әкімдігінің қызметкері өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Жамбыл облысы, Талас ауданы әкімдігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қыркүйекте болған.

"Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы жеке автокөлігінің жанында өзінің атына тіркелген қарумен атылып өлді. Қазір осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, аталған бөлімнің бұрынғы басшысы Нұрлан Күдертаевқа қатысты тергеу өткен жылдың соңында басталып, қазір қамауға алынды", — деді Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары