Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 86 адам қайтыс болды. 346 пациенттің жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
7 тамыздағы дерек бойынша, елімізде COVID-19-дан 72, пневмониядан 14 адам көз жұмды.
9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 84 262 адам коронавирус инфекциясынан (–76 339 + және 7 923 КВИ-) емделіп жатыр:
17 749 пациент стационарда, 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 390 адамның жағдайы ауыр, 346 пациенттің жағдайы өте ауыр, 197 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.