$ 494.87  520.65  4.91

Жандарбек Бекшин тағы бір қауіпті «штамм» туралы айтты

Қауіпті штамм әлемнің 27 елінде анықталған.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың «йота» штамы қаншалықты қауіпті екенін айтты.

Оның айтуынша, «йота» штамы қарт адамдар арасында коронавирустан болатын өлім-жітім деңгейін арттыруы мүмкін. Былты Нью-Йорк қаласында табылған «йота» шатымының жұқпалылығы Ухан вирусына қарағанда 15% жоғары екен.

«Қауіпті штамм әлемнің 27 елінде анықталды. Бұл штамм туралы көп мәлімет бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да алаңдап отыр. Көбінесе 65 жастан асқан адамдар зардап шегеді»,- дейді Жандарбек Бекшин.

Алайда, Жандарбек Бекшин Қазақстанда тіркелген коронавирустың «дельта» штамы «йота» штамына қарағанда қауіпті екенін айтты.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, «дельта» штамы нұсқасы тез жұғады әрі патогенділігі өте жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары