Ардагер журналист Қайнар Олжай Қазақтан Тұңғыш шыққан Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың ескерткішін сынап тастады.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қонаев, Мұқағали, енді Жақсылық. Мойнына бар медалін асып алып сықиған костюм киіп, қылғынған галстук таққан «Жақаң» еш ұнамады.
Өмірде талай қасында жүрдік. Сұқбат құрдық, салтанаттарда көрдік. Ол кісі киімге мән беретін шенеунік емес, медальге мәз болып соны санап отырған маңғаз емес еді. Балуан еді, кәсіпкер еді, шаруақор еді, қамқор еді, халқына жанашыр еді. Мына мүсінде соның бірінің ізі бар ма?
Жақаң Олимпиада чемпионы болып, одан кейін спортпен қоштасқан кезде «Лениншіл жас» газеті мақала берді. Тақырыбы қандай! «Кілемнен кетіп барады». Сондағы фото қандай! Бозкілемге қимастықпен мойын бұрып сыртқа кетіп бара жатқан Үшкемпіров. Сол фотоның құны біз үшін мына сіресіп тұрған ескерткіштен мың есе артық", - деп жазды Қайнар Олжай.