09.09.2021, 16:40

Netflix-те жарық көрген ЛГБТ өкілдері туралы мультсериалда кейіпкерлер қазақша әңгімелеседі

Фото: видеодан скриншот
Q-Force атты мультсериалдың үзіндісі әлеуметтік желілерде тарай бастады.

Netflix стрим-каналында көрсетіліп жатқан Q-Force атты мультсериалдың кейіпкерлері қазақ тілінде диалог құрды. Белгілі болғандай, мультсериалдағы кейіпкерлердің басым көпшілігі - ЛГБТ өкілдері. 

Кейіпкерлердің бірі «Сен Қазақстаннансың ба?» деп сұрайды. Оған екіншісі «Қазақша білетін шетелдіктерді өте сирек кездестіресің...» деп жауап береді.  

Мультсериал желісі бойынша, тыңшылықпен айналысатын ЛГБТ өкілдері олардың қабілетіне күмән келтіргені үшін өздерін агенттікке дәлелдемек болады. Стив Мэриуэзер атты үлгілі детектив каминг-аут жасап, өзінің гей екенін ашық мәлімдейді. Оны жұмыстан шығарудың ретін таппаған агенттік детективті Батыс Голливудқа жіберіп, негізгі істерден шеттетеді. Алайда, басты кейіпкері бұған мойымай, ЛГБТ өкілдерінен құралған өз командасын құрады.

Әзірше Netflix-те шыққан Q-Force туындысының алғашқы 10 сериясы көрсетілді.

Тегтер: ЛГБТ