09.09.2021, 17:40

Қазақстанға қытайлық Verocell вакцинасының 3 млн дозасы жеткізілді

Фото: ашық дереккөзі
Қазір елімізде вакцинаның үш түрі қолжетімді.

Қазақстанға Sinopharm фармкомпаниясы өндірген Verocell вакцинасының 3 млн дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға өзінің Facebook -тегі парақшасында жазды.

«Қазақстанға Verocell Sinopharm (ДДСҰ мақұлдаған) вакцинасының 3 миллион доза кезекті партиясы жеткізілді», - деп жазды министр. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда ел азаматтары үшін қазақстандық Qaz-Vac , ресейлік Sputnik-V және қытайлық Veroсell – sinopharm вакциналары қолжетімді.

Тегтер: вакцина