09.09.2021, 18:00

COVID-19 бен тұмауға қарсы қос вакцинаны бір мезетте алуға бола ма

Фото: ашық дереккөзі
Бұған дейін Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны хабарланған болатын.

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин COVID-19 бен тұмауға қарсы вакциналарды бір мезетте қабылдауға бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мебель на заказ в Астана. Есть беспроцентную рассрочка mobilmebel.kz Скрыть рекламу: Алынатын тұмау мен коронавирусқа қарсы вакциналар арасында 2-4 апта үзіліс болуы керек. Айталық, егер коронавирусқа қарсы вакцинациялауды бастаған болсаңыз, онда арасында екі апта үзіліс ұстануымыз керек, егер өзіңізді жақсы сезінсеңіз, онда ары қарай вакцина ала беруге болады, - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері. Бұған дейін Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны хабарланған болатын. Енді COVID-19 науқастары кейбір ауруханалар мен қонақ үйлерге жатқызылмайды. Сондай -ақ, егер мутацияға байланысты жаңа штамм пайда болмаса, КВИ жұқтырғандар саны қазан айына дейін төмендеуі тиіс деген болжам жарияланды.

Тегтер: вакцина тұмау