09.09.2021, 22:32

Атырауда жол апатынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды

Фото: ашық дереккөзі
Қазір тергеу ісі басталды.

Атырауда екі көлік соғылып, жүргізуші мен жолаушы мерт болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

«Бүгін сағат 07:50 шамасында «Атырау-Орал» бағытындағы күре жолдың 57-шақырымында «Тoyota Prada» мен «Skoda Rapid» көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында «Skoda Rapid» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды» делінген департамент таратқан хабарламада.

Қазір аталған жол апатына байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тегтер: жол апаты