$ 494.87  520.65  4.91

Оралда жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның денесі үш күннен кейін табылды

Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Оралда жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның денесі үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, марқұмның мүрдесі 9 қыркүйек күні М.Шолохов көшесі бойынан табылды.

Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Денеде зорлық белгілері жоқ.

Ер адам 6 қыркүйек күні жоғалып кетіп, туыстары полицияға шағым түсіріп, іздеу салған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Теміртауда жоғалып кеткен жасөспірім қыздың Батыс Қазақстаннан табылғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары