10.09.2021, 09:20

Қазақстанда кейінгі тәулікте 4024 адамнан коронавирус анықталды

Фото: ашық дерекөз
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 832 248-ге жетті.

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 024 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 832 248-ге жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 320, Алматы қаласында - 931, Шымкент қаласында – 160, Ақмола облысында – 203, Ақтөбе облысында - 300, Алматы облысында - 290 Атырау облысында - 130, Шығыс Қазақстан облысында - 167, Жамбыл облысында - 75, Батыс Қазақстан облысында -98, Қарағанды облысында - 581, Қостанай облысында - 176, Қызылорда облысында - 79, Маңғыстау облысында - 183, Павлодар облысында - 220, Солтүстік Қазақстан облысында - 72, Түркістан облысында - 39.

Елімізде барлығы 747 978 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Қазақстанда 6 169 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Нұр-Сұлтан қаласында - 755, Алматы қаласында - 1327, Шымкент қаласында - 0, Ақмола облысында - 261, Ақтөбе облысында - 615, Алматы облысында - 748, Атырау облысында - 591, Шығыс Қазақстан облысында - 130, Жамбыл облысында – 67, Батыс Қазақстан облысында - 125, Қарағанды облысында - 449, Қостанай облысында - 160, Қызылорда облысында - 153, Маңғыстау облысында - 246, Павлодар облысында - 378, Солтүстік Қазақстан облысында - 15, Түркістан облысында - 149.

Сондай-ақ, 9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 010 302 адам, 2-компонентін 5 834 656 адам салдырған.