Аягөз арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысшылары тәрбиеленушілер арасындағы орын ала жаздаған жыныстық іс-әрекетті тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK NEWS сайтына сілтеме жасап.
2021 жылдың 9 қыркүйегінде интернат қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап отырып, ұлдар арасындағы жыныстық қатынас әрекетін байқап қалып, алдын алған. Бұл оқиға туралы ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы растады.
"Қазіргі уақытта балаларды медициналық тексеруден өткізу жүргізілуде. Психолог жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Тиісті мәлімдеме мен материалдар іс жүргізу шараларын қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді", – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2020 жылдың көктемінде Аягөздегі балаларға арнайы қызмет көрсету орталығында жағдай қоғамдық резонанс тудырды. Орталықтағы оннан астам бала "қызылша" диагнозымен инфекциялық ауруханаға түсті. Бірнеше адамнан ішек инфекциясы анықталды, төрт бала көз жұмған болатын.
2020 жылы бұл жағдай егжей-тегжейлі зерттелді. Интернаттағы басшылық ауысып, материалдық-техникалық база жаңғыртылды. Соның ішінде бейнебақылау жүйесі орнатылған.