$ 443.85  474.3  4.8

Елордада карантин шаралары жеңілдетілді

Жаңа құжатта елордадағы карантинді жеңілдету туралы айтылады.

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева 27 тамыздағы қаулыға өзгеріс енгізді. Жаңа құжатта елордадағы карантинді жеңілдету туралы айтылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда, 12 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтанда қалалық қоғамдық көліктер жексенбіде жұмыс істейді, ал қарбалас сағатта автобустардың саны көбейтіледі.   
Сонымен қатар санитар дәрігер бір адамға кемінде 4 метр есебінен маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, мешіттердің, православие шіркеулерінің және басқа да діни орындардың аумағында ашық аспан астында ұжымдық діни іс-шараларды өткізуге рұқсат берді.
Айта кетері, синоптиктердің болжауынша, елордада алдағы үш күнде күн күрт суытып, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Құжатқа сәйкес, діни бірлестіктердің нысандарында орналасқан Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану орындарында 30 адамнан асырмай ас беруге болады.
Қаулы 10 қыркүйекте қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин