Кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 105 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.
9 қыркүйекте ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 84 адам коронавирустан, ал ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 21 адам пневмониядан қайтыс болған.
11 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде жалпы 79 884 адам коронавирус инфекциясынан (71 716 КВИ+ және 8 168 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
16 528 пациент стационарда, 63 356 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 316 адамның жағдайы ауыр, 346 пациенттің жағдайы өте ауыр, 193 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Ал 2021 жылғы 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін 7 044 876 адам, II компонентін 5 871 229 адам салдырған.