11 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін 7 044 876 адам, II компонентін 5 871 229 адам салғызды.
Естеріңізге сала кетейік, аптаның басында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында вакцинациялау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды.
Алгоритмді денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы әзірледі. Енді мониторингтік топ рейд барысында кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып-алмағанын тексереді.
Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 60%-тен төмен кәсіпорындардың тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады.