Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, әйел жаяу жүргіншілерге тыйым салынған тұстан өтпек болған.
«Оқиға 10 қыркүйек күні сағат 21.30 шамасында 33-ші және «Толқын» шағынаудандары арасында болды. Әйел адам жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын тұстан жолды кесіп өтпек болған», - делінген ПД хабарламасында.
Келіншек алған жарақаты салдарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.