Әйгілі велошабандоз өз жеңісін Қазақстанның Тәуелсіздігіне арнады, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақашынада жазды.
30 жыл ішінде Қазақстан мен қазақ халқы түрлі қиындықтарды бастан өткерді. Ол табандылықтың арқасында еліміздің осындай керемет нәтижеге қол жеткізгенін айтты.
Бүгінгі жарыс қиын болды. Ол өзіңе деген сенімділік пен үлкен еңбекті талап етті. Мен жеңісімді Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын, - деген жазды ол өзінің парақшасында.
47 жастағы Олипиада чемпионы Александр Винокуров Ниццада өткен Ironman 70.3 чемпионатында жеңімпаз атанды. Ол арақашықтықты (жүзу, жүгіру және велокезеңді қосқанда) 4 сағат, 55 минут, 22 секундта бағындырды.
Маусым айында "Тур де Франсқа" бірнеше күн қалғанда спортшы "Астана" велокомандасының спорттық жетекшісі қызметінен шеттетілген болатын. Тамыз айының ортасында Александр Винокуров лауазымына қайта оралғанын еске саламыз.