13.09.2021, 17:40

Алматы облысы санитария дәрігеріне әлдекімдер брифингте жауап беруге көмектесті (ВИДЕО)

Фото: ашық дерекөз
Журналист одан «Алматы облысында кәсіпкерлерге қатысты қандай карантин шектеулері енгізілгеніне қарамастан, неге ол «Алтын Орда» базары мен «Апорт» сауда үйінің жұмысына әсер етпейтінін» сұраған еді.

Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ОКҚ брифингі барысында өңірдің бас санитария дәрігері Ерғали Сыдыманов сұрақтарға жауап берді. Брифинг кезінде «Алтын Орда» базарының жұмысы туралы сұрақ қойылғанда оған әлдекімдер көмектескені эфирге түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ерғали Сыдымановтан журналист «Алматы облысында кәсіпкерлерге қатысты қандай карантин шектеулері енгізілгеніне қарамастан, неге ол «Алтын Орда» базары мен «Апорт» сауда үйінің жұмысына әсер етпейтінін» сұрады. 

«Базар республикалық деп айтыңыз, бірақ онда қажетті шектеулер бар», - деді әлдебіреу өңірдің бас снитария дәрігеріне сыбырлап.