$ 474.72  515.17  5.58

Қытайда коронавирустың өте жұқпалы жаңа түрі пайда болды

Оның белгілері дельта штамына ұқсас.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Фуцзянь провинциясының Путянь қаласында 6 адамнан коронавирустың жаңа түрі анықталды деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Тағы 18 адамда осы аурудың симптомсыз формасы болған.

Алдын ала болжам бойынша, коронавирустың аталған түрі дельта штамына ұқсайды және өте жұқпалы болып келеді. Қазіргі таңда жергілікті билік өкілдері 81 938 адамнан тест алды.

Айта кетейік, ДДСҰ мәліметінше, қазіргі таңда коронавирусты Жер бетінде 224 млн адам жұқтырған. Олардың 4,6 миллионы қайтыс болды. Жағдай АҚШ, Үндістан және Бразилияда әлі де күрделі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус