Қазақстандық синоптиктер 14 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстан Республикасының солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста найзағай ойнайды. Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста жел күшейеді, – делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с.
Павлодар облысында тұман күтіледі – желдің күшеюі 18 м/с.
Қостанай облысында найзағай, күндіз солтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.
Ақмола облысында желдің 15-20 м с күшеюі күтіледі.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.
Атырау облысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстікте тұман күтіледі.
Павлодардың оңтүстігінде түнде 3 градус аяз күтіледі.
– Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, оңтүстік-батыста, Қостанайдың батысында, Қарағандыда, Батыс Қазақстанның солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады, – дейді мамандар.