$ 494.87  520.65  4.91

Талибан берген уәделерін бұзды - БҰҰ

БҰҰ комиссарының айтуынша, кейбір жерлерде 12 жастан асқан қыздарға мектепке баруға тыйым салынды, ал әйелдер үйде болуы тиіс.
Фото: euronews
Фото: euronews

«Талибан» өздерінің берген уәделерін бұзды, оның ішінде әйелдер құқығына қатыстылары бар, деп мәлімдеді БҰҰ. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ -ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Ауғанстанның Талибан билікті қолына алғаннан бері «жаңа және қауіпті кезеңде» тұрғанын, бұл елдегі көптеген әйелдер мен этникалық және діни бірлестіктер мүшелерінің қатты алаңдаушылығын тудырып отырғандығын айтты.

Бачелет «Талибан» үкіметінің құрамында әйелдердің жоқтығын және этникалық пуштундардың басым екенін атап өтті.

«Талибан әйелдер құқығын қорғайды деген сенімдерге қарамастан, соңғы үш апта ішінде әйелдер біртіндеп қоғамдық ортадан шеттетілді», - деді ол Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі халықаралық конференцияда.

БҰҰ комиссарының айтуынша, кейбір жерлерде 12 жастан асқан қыздарға мектепке баруға тыйым салынды, ал әйелдер үйде болуы тиіс.

Ол сондай -ақ бұрынғы үкіметтің шенеуніктері мен қауіпсіздік қызметі қызметкерлеріне рақымшылық жасауға берген уәделерінің де орындалмағандығын атап көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары