14.09.2021, 09:20

Бүгін Нұр-Сұлтанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Яғни, елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бүгін Нұр-Сұлтанда ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 2021 жылғы 14 қыркүйекте Нұр-Cұлтан қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.