14.09.2021, 10:20

Болашақ дәрігерлердің орынсыз әзілі жанжалға айналды

Фото: ашық дерекөз
Болашақ акушерлер, бірінші курс студенттерінің муляждың көмегімен босандыруға тырысқан бейнежазбасы Қазнетте талқыға түсті. Қыздар бейнежазбада әдепсіздік танытып,  күледі.

Болашақ акушерлер, бірінші курс студенттерінің муляждың көмегімен босандыруға тырысқан бейнежазбасы Қазнетте талқыға түсті. Қыздар бейнежазбада әдепсіздік танытып, күледі. Автор бейнежазбаның дыбысын алып тастаған.  Бұл туралы Orda.kz Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Олар осылай жұмыс істейді», «Осындайларға байланысты бізді, дәрігерлерді жек көреді», «Одан қандай акушер шығады?», «Қорқынышты, сөз жоқ», «Бұл қарапайым әзіл деп үміттенемін», – деп жазды желі қолданушылары.

Көбі студенттерді жазалауды, тіпті оқудан шығаруды талап етті, бірақ «кейіпкерлерді» және видео авторларын табу оңай емес. Шығыс Қазақстанда екі университет пен алты медициналық колледж бар.

Құқық қорғаушылар студенттермен әңгімелесу қажет деген пікір білдірді.