$ 494.87  520.65  4.91

«Әкім кетсін!»: Жамбыл облысының тұрғындары ереуілге шықты

Жиналған топ көлік жолын бөгеп, «Әкім, кетсін!» деп айқайлап, өз талаптарын айтуда.
Фото: коллаж
Фото: коллаж


Жамбыл облысы Меркі ауданының орталығында жергілікті тұрғындар наразылықтарын айтып, көлік қатынайтын жолды жауып тастады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Жұрттың сөзіне қарағанда, әкімдік орталық базарға кіретін есіктің бағытын өзгертпек болған. Бұл шешімге наразылық танытқан базар сатушылары мен тұрғындар жиналып ереуілге шыққан. Жиналған топ көлік жолын бөгеп, «Әкім, кетсін!» деп айқайлап, өз талаптарын айтуда.

Оқиға орнында жергілкті полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері бар.

Халықпен ымыраға келуге тырысқа құзырлы орган қызметкерлері алаңға жиналғандарды мәселені талқылау үшін әкімдік алдына шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары