Нұр-Сұлтанда Орталық және Оңтүстік Азия елдері бас штаб бастықтарының қатысуымен конференция өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, АҚШ, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысып, өңірдегі қауіпсіздік шеңберіндегі ахуалды, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Конференцияға қатысушылар соңғы кездегі орын алған сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ өңірлік құрылымдар, оның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен орнын қарады. Сонымен қоса, Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің ынтымақтастық перспективалары мен бағыттары айқындалды.
Осы шара аясында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов Өзбекстан, Пәкістан мемлекеттеріндегі әріптестерімен, сондай-ақ АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысымен бірқатар кездесулерге қатысты.
Аталған конференция 2015 жылдан бері өңірдегі елдерде және одан тыс жерлерде де өткізіліп келе жатқан айта кету керек.