Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің алты облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел 15-20 м/с дейін соғады.
Ақмола облысының батысында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік жүреді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Қарағанды облысының солтүстік-шығысында түнде 2 градус үсік түседі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.