$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстаудағы жатақханада болған өрттен көз жұмғандардың отбасыларына 5 млн теңге төленді

Сондай-ақ қазіргі уақытта олардың асырауында болған отбасы мүшелеріне сақтандыру төлемдерін тағайындау мәселесі де пысықталуда.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Маңғыстау облысында жатақханадағы өрттің салдарынан көз жұмған мұнайшылардың отбасыларына қаржылай көмек берілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Ұйым өкілдері Боранқұл кен орнында көз жұмғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

“ҚазМұнайТеңіз" ТМК" ЖШС Боранқұл кен орнында өрт салдарынан мерт болған екі жұмыскердің отбасына материалдық көмек ретінде 5 млн теңге төледі. Сонымен қатар компания өзінің ішкі құжаттарына және ҚР заңнамасына сәйкес өзге де материалдық көмек көрсетті”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ қазіргі уақытта олардың асырауында болған отбасы мүшелеріне сақтандыру төлемдерін тағайындау мәселесі де пысықталуда. 

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында кен орнындағы жатақхана өртеніп, екі адам қаза тапқаны айтылған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары