$ 443.85  474.3  4.8

«Ол менің үлкен ағам»: Жәнібек Әлімханұлы Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы бірнеше рет өз салмағындағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырған болатын.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) әйгілі отандасы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды Sports.kz.

"Жанкүйерлер менен "неліктен GGG-ді жекпе-жекке" шақырмайсың деп сұрайды. Жауап берейін. Ол менің үлкен ағам. Қазақстанда үлкендерді сыйлау керек - бұл біздің дәстүр. Кейбір жанкүйерлер мұны түсінбеуі мүмкін. Бірақ дәстүрді құрметтеу керек екенін бәрі біледі. Бұл - қазақы стиль!", - деп жазды Әлімханұлы Twitter -де.

Айта кетсек, Геннадий Головкин - IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Жәнібек Әлімханұлы да осы дивизионда. Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы бірнеше рет өз салмағындағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары