15.09.2021, 10:20

Қазақстанда 11 өңір «қызыл» аймақта

Фото: ашық дереккөзі
2021 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.

2021 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.

Тегтер: коронавирус